Колледждегі кездесу

Сарыкөл аудандық агробизнес және құқық колледжінде «Салауатты өмір салтын ұстанған жастар. Нашақорлық, ішімдік және темекі шегудің алдын алу. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» акциясы аясында кездесу өтті.IMG_1324
Оған аудандық аурухананың темекіге қарсы кабинетінің дәрігері Д.Б.Тұрсынов, аурухана психологы К.Ф. Ткач,  АІІБ қызметкері Г.Х.Саутбаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ғ.Идирисова және студенттер қатысты.
Кездесу барысында Кристина Ткач акцияның мақсатымен таныстырып, салауатты өмір салты туралы тілге тиек етті. Кейбір студенттерді ортаға шығарып, олардың қатысуымен түрлі мысалдар келтірді. Ал, Дамир Тұрсынов болса жоғарыда аталған денсаулыққа зиянды заттарды кеңінен баяндап, ол туралы слайдтар көрсетті. Сондай-ақ, полиция қызметкері Гүлмира Саутбаева да сөз сөйлеп, өткен жылғы жастар арасындағы құқықбұзушылық жайында әңгіме өрбітті.IMG_1321
Кездесу кезінде студенттер көкейтесті сауалдарын жолдап, оларға тиісті жауаптар ала алды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓