ӨШПЕЙДІ АБЗАЛ ЕСІМДЕР

Жақында ҚР еңбек сіңірген əртісі, композитор Ғалымжан Құрмановты еске алуға арналған «Жұлдыздай аққан Ғалымжан» атты естелік кітап жарыққа шықты. Бірнеше музыкалық аспапта ойнап, әмбебаптығымен танылған Торғай таланты Ғалымжан Құрманов туралы тың деректер осы кітапта топтастырылған. Ағамыз әйгілі «Шертер» ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тұрған тұста «ҚР еңбек сіңірген әртісі» атағын иеленген. Аты аталған еңбектің құрастырушыларының бірі Қалибек Деріпсалдиннің айтуынша, жұлдыздай ағып түскен таланттар қазақ даласында аз емес. Ал олардың есімін ұмытпау – ұрпақ парызы.18425121_288697498255042_2277254842405648489_n«Шапақ» баспасынан шыққан екінші кітап «Дәулескер күйші, композитор, ұлағатты ұстаз Ораз Мұқанұлы Қожасов» деп аталады. Ораз Мұқанұлы күйшілік өнерден тыс сазгерлік саланы қатар ұстаған. Ол кісінің ұстаздығы туралы әңгіме алабөтен. Оның шығармашылығында елге таныс 2-3 ән, 10 шақты күйі бар. Бұл кітапта өнерпаздың өмірбаянынан басталып, оның жора-жолдастарының, туыс-туғандарының, шәкірттерінің жазған естеліктері берілген.18401960_287062321751893_4768473276805290386_oАйта кетейік, қос кітап Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сапар Əбілкəкімтегі, полиция подполковнигі Ербол Деріпсалдиннің демеушілігімен жарық көрді.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓