Әуесқойлар бастамасы

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қостанайлық сегіз велосипедші аттанды. Олар жолсапарды Лисаков қаласынан бастапты.  IMG_7320
Қостанайға аялдаған жастар бұл бастаманы былтырдан бері ойластырып жүргендерін айтады.  
– Бастапқыда ойланып қалғанымыз рас. Дегенмен, осынау халықаралық көрмені қолдау үшін бел шеше кірістік. Біздің арамызда бұрындары марафонға қатысып жүрген жігіттер бар, – деді «Қайрат және Ко» әуесқой велокомандасының жетекшісі Қайрат Төлебаев.IMG_7353
Еріктілердің айтуынша, бұл маңызы жоғары, сондай-ақ, ара қашықтығы жөнінен де ұзақ сапар. Жоспар бойынша олар 19-шы маусым күні Астанаға жетеді. Жүрер бағыт – 800 шақырым.
Қайрата Төлебаевтың бастамасын «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамының экономисі Ирина Ковинская да қолдады. Бұл – оның екінші велошеруі.IMG_7357
– Бірінші шеру облыс ішінде өтті. Қиынға түскен жоқ. Енді Әулиекөл, Есіл, Жақсы, Атбасар, Астрахань тасжолдарынан өтіп, Астанаға жету оңай емес. Барлық жолды тегіс дей алмайсыз. Дегенмен, мақсат жүзеге асса, көрмені де көреміз, «Сарыарқа» велотрегіне де кіреміз. Ал онда әлемге танымал велошабандоздармен кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік бар, – деді ол.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓