Тастаяқ турнирі: жеңіс редакциямызда!
Қостанайда қоғам қайраткері Жанділдә Мақановты еске алуға арналған бильярд жарысы өтті.
Дәстүрге айналған тастаяқ турниріне БАҚ саласының қызметкерлері қатысты. 12үміткер үздік атану жолында бар шеберлігін салып бақты. Турнир қорытындысында:
1️⃣-орынды облыстық "Қостанай таңы" газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан жеңіп алды;
2️⃣-орынды "Qostanai" облыстық телеарнасының директоры Ербол Ипбергенов еншіледі;
3️⃣-орын ардагер журналист, ҚЖО басқармасының облыстық филиалы директорыЖанұзақ Аязбековке бұйырды.
Жақсы өнер көрсеткен өзге де қатысушылар сый-сияпатсыз қалған жоқ.
Жарысты Жанділда марқұмның ізбасарлары Қасқырбай Қойшыманов ұйымдастырып, обыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов және өзге де шәкірттері демеушілік көрсетті.
Ұйымдастырушылар алдағы жылдары турнир аясын кеңейте түсуге уағдаласып отыр.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.