Денис Главина командадан кетті

Хорватиялық легионер Денис Главина бүгін «Тобыл» футбол клубымен арадағы еңбек қатынасын тоқтатты.  Келісім-шарт екі тараптың шешімі бойынша бұзылды. Загребтік «Динамоның» түлегі Қостанайға словенялық «Заврч» клубынан келді. 
Былтырғы маусымда Денис Главина 26 матчқа қатысты. Оның 25 ойнында негізгі құрамда шықты. Еншісінде 1 гол және 4 голдық пас бар. Ал 2017 жылғы маусымда негізгі құрамда 4 матчқа қатысты. Тағы екі рет қосалқы құрамнан кірді. Барлығы 407 минут доп тепті. 
"Тобыл" ФК Денис Главинаға алдағы кәсіби мансабында сәттілік тілейді. 

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓