ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАҒЫ ТОЛАЙЫМ ТАБЫС
Ұлттық ойын тоғызқұмалақ жыл сайын қарыштап дамып келеді. Бұған осы спорт түрінен өтіп жатқан республикалық және халықаралық турнирлер дәлел. Соңғы уақыттарда жастардың легі «ой жарысына» мықтап тұрып ден қойған. Ақтауда жастар арасында ҚР чемпионаты мәреге жетті. Жарыс швейцар жүйесімен классика және блиц-тур түрлері бойынша өткізілдіТобыл өңірінің жиырма жастағы Гүлнұр Спанова мен Айым Мұханбетқалиевадан алтынды күткені жасырын емес. Классикалық жарыстардан озып жүрген Айым бұл жолы қоланы қанағат тұтты. Ал, Гүлнұрдың бағы жанып, ел чемпионы атанды. Зияткерлік ойынның осы түрінде он алты жасқа дейінгі спортшылар арасында Камила Кәненова да алтынды арқалап келді.
Тұғырдың екінші сатысынан блиц-тур әдісі бойынша Дархан Серікбаев пен Татьяна Егорова көрінді. Классикадан Мұса Едігенов те күмісті қанжығасына байлады. Осылайша, қостанайлықтар тоғызқұмалақ бойынша ел мықтыларының қатарына қосылды. Жеңімпаз спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қасқырбай Қойшыманов