Мажарлықтар Саға ауылына келеді

Венгрия делегациясы "Ұлы Дала Рухы" этнофестивалі аясында Торғай өңіріне барады. Бұл туралы «Сакралды Қазақстан»   ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдғағалиұлы Фейсбуктегі өз парақшасында жазды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". мажар
мажар1
– Мадьяр елінің ата-баба мекені Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Саға ауылында өткен алғашқы Қазақ-Мажар халықтарының құрылтайына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, 17-18 маусымда "Ұлы Дала Рухы" этнофестивалі аясында Мажар елінің делегациясы (27 адам) Саға ауылында мерейтой өткізіп, дәстүрлі әскери және музыкалық өнерін көрсетеді»,-деп атап өткен Берік Әбдіғалиұлы.
Бұған дейін Мажар елі «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада «Қыпшақтар күнін» өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын. Шара аясында венгрлер мен қазақтың салт-дәстүрлері арасындағы байланысты жан-жақты көрсету көзделген.
Мажар халқының ғалымдары венгрлер мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынасқа 20-сыншы ғасырдың басында назар аудара бастаған. Бұған 1909 жылы Будапештке Әліби Жангелдиннің (ол кезде әлі студент) баруы себеп болған. Ал 1965 жылы Қазақ КСР-інің Торғай облысына мажарлық антрополог Тибор Тот келіп, қазақ халқын зерттейді. Сондай-ақ, 1977 жылы Қазақстанға венгрлік ғалым (түрколог) Коныр Иштван Мандоки келеді. Бұл ғалым кейін қазақ қызына үйленіп, осы жақтан топырақ бұйырған. 2003 жылы венгрлік ғалым Михай Бенкенің «Торғайлық мадиярлар» атты кітабы жарық көрген. Одан бөлек бұл елдің тағы бір ғалымы Биро Андраш қазақтар мен мадиярлардың туыстығын гендік зеррттеу жүргізу арқылы дәлелдеп шыққан. 

Суреттер "ҚазАқпарат" ХАА-нен алынды

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓