Көрмені қолдап, флешмоб өткізді
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Март» сауда орталығында флэшмоб ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қолдау көрсету. Флэшмобқа мектеп оқушылары, кәсіби би топтары, облысқа танымал әншілер қатысты. Бұл бастаманы сауда орталығына келушілер де қолдап, өнерпаздармен бірге биледі.
– Менің арманым – кәсіби биші болу. Бұйырса, Астана қаласына барып, би мектебіне оқуға түссем деймін. Астана «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы елімізді бүкіл әлемге танылып отыр. Біз де бүгін осы маңызды көрмені қолдауға келдік. Ата-анаммен бірге көрме қарсаңында ұйымдастырылатын Қостанай облысының күндеріне бармақпын, – деді флешмобқа қатысушы Аида Тұрғынқызы.
Шара соңында «ЭКСПО-2017» билеттері ұтысқа түсті. Ослыайша, көрменің мәдени-спорттық іс-шараларына баратын қостанайлықтардың қатары бүгін тағы бесеуге артты.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков