«Эйр Астана» ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуетасымалдаушысы деген мәртебеге ие болды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қазақстандағы ең ірі әуетасымалдаушы «Эйр Астана» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Компания «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуетасымалдаушысы» деген эксклюзивті мәртебеге ие көрме серіктесі атанып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты қол қою рәсімі бүгін ұлттық компания басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭйрАстана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің қатысуымен өтті.
«Эйр Астана» Қазақстандағы ең ірі әуетасымалдаушы болып табылады және бүгін қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымыз аясында жасалған бірінші қадамға айналды. Компания әуе жолдарының көмегімен осындай ірі ұлттық жобаны бүкіл әлемде ілгерілетуге мүмкіндік туып отыр. Біз «Эйр Астана» ұшақтарының бортында ЭКСПО-2017 логотипін орналастырып, әуекомпания басшылығымен көрмені ілгерілетуге арналған бірлескен жоспар әзірлейін деп отырмыз, бұл жалпы ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық алаңдағы имиджіне жемісті ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстанға келген тұлғаларға және әуекомпанияның транзиттік жолаушыларына 2017 жылғы көрмеге тегін билеттер ұсынылатын болады», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде «ЭйрАстана» компаниясының президенті Питер Фостер мырза: «Алда келе жатқан көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» болғандықтан, энергетика саласындағы инновациялық, қолданбалы шешімдерге және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне басты назар аударылатын болады. Біз компаниямызда қоршаған ортаны барынша жақсы қорғауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды ендіруге бағытталған шараларды қабылдап отырмыз. Дәл осы себепті Париждегі соңғы әуешоуда біз NEО тобына жататын Airbus A320 ұшағын сатып алуға ниетті екеніміз жөнінде мәлімдедік, бұл ұшақтардың қозғалтқышы ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. NEО лайнерлері 2016 жылы ендірілетін болады. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үлкен қарқынмен жүргізілуде. Біз Астананың қонақтар алдында өз есігін айқара ашатын сәтін асыға күтудеміз», – деп толықтырды.