Әйелді көлік қағып кетті

Оқыс оқиға 9 мамыр күні КСК шағын ауданында болғанын alau.kz хабарлады. Облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған.
ЖКО Қобыланды батыр-Көбеев көшелері қиылысында болған. 49 жастағы "Тойота" көлігінің жүргізушісі "Арман" аялдамасы  маңында 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 
"Апат салдарынан әйел дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде әкімшілік іс қозғалып отыр", – делінеді ІІД хабарламасында. Сондай-ақ, сот  сараптамасы құрылған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓