Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі ашылады

Бүгін Елордада көптен күткен "ЭКСПО-2017" көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Іс-шара мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы – Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай Мемлекет басшылары көрме аумағымен қатысушы елдердің павильондарымен таныспақ. ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және  таңғажайып фейерверкті тамашалай алады.
Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретінін айта кетейік. Сонымен қатар, Медиа Орталығында  түсірілімнің 60 нүктесінен 4 ЖТС-нан сигнал берілетін болады.

 

19:00 – Іс-шараның хаттама бөлігі (Көрме аумағы);

 

20:17 – Ресми бөлігі. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Салтанатты ашылу рәсімі (Конгресс-Орталығы);
21:30 – Концерттік бағдарлама (Амфитеатр);
22:30 – Проекциялық лазерлі шоу(Сфера);
22:45-22:55 – Фейерверк.

 

Анықтама үшін телефондар:

 

+7 747 441 19 47 (Фариза)
+7 777 982 31 33 (Камилла)
+7 775 724 38 22 (Талгат)
+7 775 270 03 48 (Динара)
+7 701 798 76 95 (Тимур)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓