Қатты дауыл үйлерді қиратты (БЕЙНЕ)
Бүгін Қостанайдағы қатты дауыл мен толассыз жаңбырдан тұрғындар зардап шегіп отыр. Қаладағы "Қостанай-2" шағын ауданында жарық сөніп қалды. Сондай-ақ, қала тұрғыны Еламан Еріктің айтуынша, небары 5-10 минуттың ішінде болған дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып əкеткен.Құқық қорғау органдары мен жедел жəрдем қызметі оқиғаға орнына келіп, көмек көрсетуде.
Тұрғындардың сөзіне сенсек, жарақат алған адамдар жоқ.