Тұрғындар партияға үміт артады

Қостанай ауданы Затобол ауылында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жылжымалы қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдаудың ашылуында аудан әкімі Қайрат Ахметов пен партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов сөз сөйлеп, іс-шараның тәртібін түсіндірді. IMG_6730Кеңес алуға келген көпшіліктің санында шек жоқ. Облыстық басқармалардың басшылары азаматтардың арыз-шағымдарына нақты жауап беріп, жөн сілтеді. Партия қабылдауының болатыны туралы бұған дейін жергілікті басылымдар арқылы хабарланған екен. IMG_6733– Бұл – өте жақсы бастама. Жауапты орган басшыларының ел арасына шығып, азаматтардың шағымдарын тыңдағаны – қуантарлық жағдай. Тұрғындар әртүрлі тақырыпта сауалдарын жолдап жатыр. Біз шағымданушылардың бәріне анық, дәл, түсінікті жауап береміз деп ойлаймын. Тұрғын үй мәселесі – кез келген уақытта маңызды. Өйткені, облыс тұрғындарының дені Қостанай ауданынан жер алғысы келеді. Ауданда баспана тапшылығын шешу үшін «Нұрлы жер» мемлекетік бағдарламасы жақсы іске асуда. "Северный" шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Биыл көппәтерлі екі үйді пайдалануға тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі Қ.Ахметов. IMG_6724
 
IMG_6743Қоғамдық қабылдауда тұрғын үй кезегіне қатысты сауалдардың көтерілгені рас. Александров ауылынан арнайы келген ерлі-зайыптылар – Динара мен Жасұлан Қалақовтар баспана сұрай келген көптің бірі еді. Аталған отбасында ешкім жұмыс істемейді. Өйткені, шаруаға араласуға денсаулықтары жарамайды. Отағасы да, отанасы да үшінші топтағы мүгедектер. Екі баласы Қостанай қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №3 мектеп-интернатта оқиды. Тұңғыштары 2002 жылы көз тиіп қайтқан. Ал кенже қыздары алты жасқа толады. IMG_6696-Біз Александров ауылында он үш жыл ата-ененің қолында тұрдық. Енді үйдегі қайным үйленгелі жатыр. Сондықтан үлкендер бізді бөлек шығарғысы келеді. Әзірге, үш баламен барып орналасатын баспана жоқ. Үйдің кезегі қашан келері белгісіз. Екі балама есту аппараттары керек. Бір құрылғының бағасы сексен мың теңгеден асады. Партиялықтар бұрын біздің отбасымызға қаржылай көмектескен. Сол ақшаға ауылдағы үйге газ өткізіп, пластикалық терезе орнаттық. Нұротандықтардың қабылдауына тағы да зор үмітпен келіп отырмын, – деді Динара Қалақова.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓