Мамандарды даярлау қайта қаралмақ

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру қызметінің сапасын арттыру шараларын іске асыру мақсатында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықованың төрағалығымен жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.  Комиссияның отырысында сонымен бірге жоғары оқу орындарын бітірген жастардың жұмыспен қамтылуы қалай,  республикамызда қандай мамандықтарға сұраныс бар,  секілді өзекті мәселелер де қаралды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықова өз сөзінде   жастарды даярлауға және еңбекпен қамтуға баса назар аударылып отырғанын, бұл – білім беру және халықты жұмыспен қамту  саласындағы басымдықтардың бірі екенін, және де кімді және қалай даярлайтынымызды білуіміз қажеттігін айтты.
Вице-премьер бастапқы кезеңде комиссия бірқатар жоғары оқу орындарының қызметін  қарап, қиындық тудыратын мәселелерді анықтады, сәйкессіздікті жоюға байланысты ескертулер жасады. Сонымен қатар бұдан былай түлектердің еңбек нарығындағы қаншалықты талап етілетіндігін анықтап, дайындалған мамандардың алынған білімдеріне сәйкес қаншалықты өз орындарын таба алатыны туралы қарастырылғанын атап өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, елімізде мамандардың артық даярлануы мен гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бейіндегі мамандықтардың қайталануы байқалуда.  Және де барлық мамандықтардың 61%-да қайталанушылық бар. Өңірлердің кадрлар-ға деген қажеттілігі есебінің дұ-рыс жүргізілмеуі, сырттай оқыту нысаны үлесінің жоғары болуы еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандарды тым артық даярлануына алып келуде.
– Комиссия қазіргі сәтте студенттерді жұмысқа орналастыру орта есеппен 60% төмен екенін анықтады. Ал жекеленген жоғары оқу орындарының есебі бойынша түлектердің 84% жұмысқа орналасқан. Біз жұмысқа орналастыру деңгейі неге мұнша төмен екенін, шын мәніндегі жағдай қандай екенін тағы да саралауымыз керек, – деп атап өтті Гүлшара Әбдіхалықова.
Комиссия ЖОО-дарының білім беру стандартына сәйкестігіне, түлектердің сұранысқа ие  екенді-гіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына инвестициялардың қажеттілігі және материалдық-техникалық базаға қатысты қызметін зерттеді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындары санының шамадан тыс көбеюіне байланысты отандық жоғары оқу орындары білім берудің жоғары сапасын көрсете алмай отыр.  Сондықтан да келесі жылдың соңына дейін комиссия республиканың бірқатар жоғары оқу орындарының стратегиялық даму бағдарламасын қарастыруды жоспарлауда. Индустрияландыру картасына, өңірлердің әлеуметтік дамуы бағдарламаларына, кадрлардың сұранысқа иелігіне және мамандарды даярлау бағыттарына сәйкес ЖОО-дарын ірілендіру немесе оларды өңірлік мамандандыруды есепке ала отырып, колледжерге түрлендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу күтілуде
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓