Менің арманым – журналист болу
Бала кезде адам есейгенше асығады, ата-анамыз секілді жұмыс істеп, өз бетімізше өмір сүруді армандаймыз. Алайда күндердің бір күнінде бақытты балдәурен шақтың қалай көз алдыңнан ғайып болғанын сезбей де қалады екенсің. Міне, менде биыл 11- сыныпты бітіргелі отырмын. Қоғамда өз орны бар тұлға болсам деп армандаймын. Алдыма шынайы мақсаттар қойып, «Болашақта кім боламын?» деген сұрақ жайлы көп толғанамын…
Мен болашақта журналист болғым келеді. Халықпен бірге тыныстап, елімізде болып жатқан жақсылықтың жаршысына айналуды армандаймын. Менің ойымша, бұл мамандықтың кыр-сыры өте көп. Әрдайым ізденісте жүретін өте шығармашыл болу керек.Өзімді шыңдау үшін әдеби шығармаларды көп оқығанды ұнатамын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түседі.Өзімді шыңдау үшін әртүрлі конкурстарға қатысып , шығарма жазып өзімді сынап келемін.Осы бағытта облыс орталығындағы "Қазақстан-Қостанай" телеарнасының ұжымымен танысып, өз қабілетімді тануға тырыстым. Олардың жұмысын бақылай отырып, журналистиканың өте кызык та , қиын да жұмыс екенін түсіндім. Бірақ та мен өзімнің алған бағытымның дұрыс екеніне көзім жетті.
Наурыз айында Астана қаласында өткен “ Бақытты жұлдыз астында – Біз жаңа әлемде өмір сүреміз” атты конкурсқа сырттай катысып, бейнерепортаж номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен маратапатталдым. Осы конкурстың қорытындысы бойынша Астана қаласында өткен “Жас тілші-2017” конкурсына шақырылдым. Осы байқау 3-дәрежелі дипломға ие болдым. Ол сайыста журналистикаға байланысты басқа да сындарға қатысып , өз білімімді толықтырдым. Нәтижесінде, қаншама достар тауып, өзімді қызықтыратын осы мамандық жайында көп мәліметтер алдым. Конкурстан соң мен өзімнің осы мамандықты таңдаған бағытымның дұрыс екенін білдім. Келешекте осы саланың білікті маманы атанып, туған ауылымның ,елімнің жетістіктерін оқырмандарға жеткізе білсем, осындан артық бақыт бар ма?!
Жанерке Қабитанова ,
Ұзынкөл ауданы
Обаған орта мектебінің
11-сынып оқушысы
оте керемет