Жаңа тағайындау
1 маусымнан бастап, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі болып Беженар Ирина Николаевна тағайындалды.
Ол бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР Агенттігінің Департаментінің Қостанай облысы бойынша жемқорлықтың алдын алу басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 11 жыл.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі