Қысқа даярлық жұмыстары
Қысқы жем-шөп қорын әзірлеу жұмыстары шалғайдағы Қамысты ауданында тыңғылықты жүргізілуде. Биылғы жауын-шашынның әдеттегіден көп түсуі шаруаларды алаңдата қойған жоқ.Аудан бойынша 15 мың гектар шабындық жерден межелеген 55 мың тонна шөптің 30 мың тоннасын жинап үлгеріпті.

Күнжан Әбеу
Қамысты ауданы