“Моншақтар әлемі”

Көркемсурет галереясында суретші Күләнда Есекинаның ерекше көрмесі ашылды. Ерекше деп отырғанымыз оның суреттері қылқаламмен емес, моншақтармен бейнеленген.
моншакСол себепті де көрме “Моншақтар әлемі” деп аталады. Көздің жауын алатын кішкентай ғана моншақтармен сурет салу оңай жұмыс емес. Көздің майын тауысып, әрбірін түр-түсіне қарай келістіріп, сурет салып шығару көп еңбекті қажет етеді. Ал көрме авторы үшін бұл сүйікті ісіне айналғанына 10 жылдың жүзі болыпты. Көрмеге келгендер автордың жұмыстарын тамашалап, ерекше әсерге бөленді. 
Айтолқын Айқадамова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓