Нашақорлық – қатерлі індет
Қостанайға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас наркологы Алтынай Есқалиева келді.
Астаналық мейман жергілікті мамандармен кездесіп, ғасыр індетіне айналған нашақорлық жайлы, оның алдын алу мәселелері мен одан емделудің жаңа тәсілдері туралы әңгімеледі. Бүгінде еліміз бойынша 250 мыңдай адам есірткіге, ал 500 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді көрінеді. Дегенмен, мамандар соңғы бес жылда нашақорлар санының азайып келе жатқандығын айтады. Қостанай облысында да есірткімен есепте тұрғандар саны біршама азайған.
Қарлығаш Оспанова