Пойыз көлікті соғып кетті (БЕЙНЕ)
Қостанай облысында жолаушылар пойызы жеңіл көлікті соғып өтті. Жойқын апаттың бейнетаспасы Alau.kz. порталында пайда болды. Мұны Андрей Бурба есімді тұрғын ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына жарияланған.
Бейненің астына жазылған пікірлерге қарағанда, ЖКО Ақсай бекеті маңында болған. Тіркемелі жеңіл көлік темір жол үстімен өтіп бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған. Алыстан ескертпе белгі беріп келе жатқан пойыздың жолынан қашпаққа әрекеттенеді. Бірақ бейнеден үлгере алмай қалғанын көруге болады. Тіркемесі бөлек үзіліп, көліктің өзі пойыз тоқтағанша біраз жерге сүйретіліп барған. Оқиғаның анық-қанығы нақтылануда.