Тағылымды шара

Тобыл-Торғай төрінде тұңғыш рет Қазақ КСР Халық әртісі, театр және киноның аса көрнекті актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауы өтуде. Сералы Қожамқұлов – қазақ театр өнерінің бастауында тұрған әйгілі тұлға, сахна саңлағы, ұлт киносының жарық жұлдызы, мақтаныш тұтар даңқты жерлесіміз. Өнер майталманының мерейтойына орай биыл ел бойынша көптеген түрлі іс-шара өтті. Осының барлығының лайықты қорытындысы осы кинофестиваль. Жас дарындарға жол ашқан, қабілетті жандарға дем беруді мақсат еткен бірегей жоба. Байқауға өтінім қабылдау 2021 жылғы тамыз айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасты. Бағы мен бабын сынап көруге ниет еткен үміткерлер аз болған жоқ. Қазақстанның әр түкпірінен 40 қатысушының материалы қабылданыпты. Алайда, "Жүйрікте де жүйрік бар" демекші, олардың ішінен 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып отыр. Мәдени шара ертең 5 мамырда облыстық қазақ драма театрында өтетін болады. Ж
Серке Қожамқұловтың туған қызы аға оқытушысы, атындағы Орта Азия халықаралық байқауының лауреаты Қожамқұлова Марьям Сералықызы арнайы келгенін айта кетейік.
Мәриям Қожамқұлова әкесі Сералы Қожамқұловтың туған жеріне барып қайтты. Атақты кеңес актері Қарабалықтан шыққаны белгілі. Ауданда музыка мектебі және оның құрметіне аталған көше бар. Мәриям апай осы мектеп оқушыларына, ал оның серігі Наргиз Тамабекқызы музей қызметкерлеріне шеберлік сабағын өткізді. Кездесу барысында көптеген ізгі лебіздер мен тілектер айтылды.
Фестиваль аясында қазақстандық кино және театр  Нөгербек Алтынай Бауыржанқызының «Психофизикалық әрекет» атты шеберлік сағаты І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. Алтынай Бауыржанқызы қазіргі қазақ сахнасы мен экранының жарық жұлдызы. Өнерде аналар бейнесінің әдемі галереясын жасап келе жатқан талантты актриса. Ол театр әртістерімен кездесіп, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Өнер иесі театр және кино әлемінің қызығы мен қиындығы турасында әңгіме өрбітті.
Театр ұжымына шеберлік сағатына қатысқаны үшін актриса атынан сертификат табысталды. Алтынай Бауржанқызы Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы басшысы Дамир Қалқаевтан сертификат пен Алғыс хат алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓