5 шақырым жол жөнделеді

жоллЛисаков қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. Темірбаев көшесіндегі ескі асфальт сүріле бастады. Бұл күре жол күрделі жөндеуден өтеді. Жұмыстармен "ВАН" ЖШС мамандары айналысуда. Бөлінген қаржы – 268 млн 300 мың теңге.
Аталған фирманың жұмысшылары Горняков және Еңбек көшелерін де жөндейді. Ал қазіргі уақытта Набережный және Тобыл көшелерінде "Стройсвязькомпани" қызметкерлері еңбектенуде. Дей тұрғанмен, барлық көшелерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынына қала әкімі А. Исмағұловтың көңілі толмайды. Ол мердігерлерге екі ауысымда жұмыс істеуді ұсынған. Оның үстіне, жүргізушілердің жөндеу аяқталмаған көшелермен жүруі тыйылмай тұр, ол істелген жұмыстың сапасына нұқсан келтіруде. 
Жалпы, осы жазда қала ішіндегі 5 шақырым жол қалпына келтіріледі. Бұған 240 млн теңгеден астам қаржы шығындалмақ. 
Тағы бір айта кетерлігі, бұл жолдар сонау 70-ші жылдардан бері жөндеу көрмеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓