Шаңғышылар сайысқа түсті
Ауданда қысқы спорт түрлері, соның ішінде шаңғы спорты дамуы кенжелеп қалған еді. Оның басты себебі, шаңғының болмауы. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, аудан мектептеріне он шақты шаңғы алынды.
Әсіресе, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Аслан Садықов ауыл балаларының басын қосып шаңғышылар үйірмесін ашқан болатын. Кейін бұл іс жандана түсті. Аслан бұйратты ауыл қырларын пайдалана отырып, ойлы-қырлы шаңғы жолын жасады. Күннің боранына, суығына қарамастан үйірме мүшелері жаттығудан қалған жоқ. Сөйтіп екі-үш жыл көлемінде төккен тер, жасалған жұмыс өз нәтижесін бере бастады. Мектеп оқушылары аудан шаңғышылары құрамында облыстық жарыстырға қатысып, жақсы нәтижелер көрсет-ті. Жақында Амангелді ауданының 87 жылдығына арналған аудан оқушылары арасындағы ІІІ спартакиада осы Қарасуда өткен еді.
Спорт десе ішке асын жерге қоятын жанкүйерлермен қатар ауыл ақсақалдары мен жастары, шаңғы трассасы бойына жиналды. Әр жастағы оқушылар сынға түскен 6 қашықтықтың қорытындысы бойынша Жасбуын орта мектебі шаңғышылар командасы бас байгені жеңіп алды. Қарсыластарынан оқ бойы озып келіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізген: Шаттық Сәкен, Ералхан Қалижан, Зарина Акбарова, Шырай Сейтжанова, Ақтолқын Искакова, Мерей Бауыржанова, Тоқжан Шайкамалова, Аслан Тұраров, Медет Сейлхан облыста өтетін жарысқа жолдама алды. Кешегі кеңес кезінде Ә.Нұржановтай ел ардақтысы "демалыс және спорт кешенін" салып, спортшылары облысқа танымал болған ауыл шаңғышылардың жеңісіне бір көтеріліп қалды. Ауыл әкімі Б.Молдашев, зейнеткер ұстаз С.Шоңғалов спортшыларды құт-тықтап, А.Садықовқа Құрмет громотасын табыстады.
Аслан Садықов қазіргі күні ғылыми жұмысқа ден қойған. ОлҚостанай облысында спорт мен туризмнің дамуы жөнінде монографиялық еңбек жазып, профессор М.Құрсабаев тарапынан жоғары баға алды.
Жасбуын орта мектебі бүгінде аудандағы шаңғы спорты жөні-нен базалық мектеп болып саналады. Спортшылардың қол жеткізер ірі табыстары әлі алда. Ақ-пан айында өтетін облыстық шаңғышылар сайысына дайындық қыза түсуде. Шалғайда жатқан шағын ауыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ауыл тұрғындарын дене шынықтырумен айналысуына жасап отырған қамқорлығына дән риза. Ауыл әкімі осы ауылдан шыққан қалталы азаматтарға хат жолдап, кенжелеп қалған қысқы спорт түрлерін дамытуды ойлайды. "Дені саудың – жаны сау" деген қағиданы берік ұстанған ауылдың жастары да шаңғы жолына шыға бастады.
С.Шоңғалов,
ҚР оқу ісінің үздігі.
Қарасу ауылы,
Аманкелді ауданы.
Жасбуын ол менің мектебім. Бұл жердегі оқушылар өте супер.Тек алға Жасбуын