Ауылдықтар тілегі орындалды

Қамысты ауданында сүт қабылдау пункті ашылды. Мұнда бір литр сүттің белгіленген бағасы – 110 теңге. Өнім таңғы және кешкі сауудан кейін қабылданады. 
Аудан тұрғындары бұған дейін сүт өткізу орнын сұрап жүрген еді. Бұл мәселені шешуді «Ар Агро» кооперативінің басшылары қолға алған. Сөйтіп, олар Франция өндірісі «Fresh milk» жабдығын сатып әкелді. Көлемі 2,5 мың литр жабдық сүтті салқындатып сақтайды.Құрылғыдағы сүт анализаторының көмегімен майдың пайыздық мөлшерін, тығыздығын және сүтке су қосылғанын білуге болады.
Кооператив басшылығы сүт қабылдау пунктіне бір адамды жұмысқа аламыз деп отыр. Алдағы уақытта тағы бір жұмыс орнын құру қарастырылуда.
«Сүтті осында әкеліп тапсыруға бар тұрғынның мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, сүт жинаумен айналысатын бір адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз. Тиісінше, қабылдау бағасы да біршама төмен болады», – дейді кооператив жетекшісі Базылбек Жармұхамедов.
Пункте жиналған сүт Қостанай қаласындағы кәсіпорынға өңдеуге жіберіледі. 
Кәсіпкерлер мал тұқымын асылдандыруға үлес қосып жүр. Олар жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша ірі қараны қолдан ұрықтандыру жұмысымен айналысуға ынта білдіріп отыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓