Тарихтың тауқыметті тарауы

Екі миллионға жуық қазақты қырып, кейбірін туған топырағынан ажыратқан ашаршылықтың өткеніне биыл 85 жыл толды. Сол ауыр кезеңдерде Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргін көріпті, 25 мыңнан астам кісі ату жазасына кесілді. Соның ішінде Қостанай облысынан 4 мың адам саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған. Әдеткідей, қазақ тарихындағы қаралы жылдарды Қостанай қауымы да күрсініспен еске түсірді. Жеңіс саябағына барып, дәстүрлі митинг аясына жиналды._MG_1513
 
_MG_1546
_MG_1526_MG_1457
_MG_1477Өткен ғасырдағы қуғын-сүргін мен ашаршылық талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан елдің шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды. Тыныш жатқан қарапайым қазақ түтіні, ұлт зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері жазықсыз жапа шекті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те айтты.
–  Халқымыздың басында қасіретті кезеңдер аз болған жоқ. Сол жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгілікке ел жадында. Осыдан 80 жыл бұрын талай марқасқаларымыз саяси қуғын-сүргін құрбандары болып кете барды. Кейін Елбасы жарлығымен олардың бәрі ақталды. «Қарлаг» пен «Алжирдің» орнына музей ашылды. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған жандардың есімдерін мәңгі ұмытпаймыз. Ғылымда «тарихпен тәрбиелеу» деген қағида бар. Мұны жас ұрпаққа ұғындыруымыз керек, – деді Архимед Бегежанұлы._MG_1488
 
_MG_1533
_MG_1443Корей ұлтының өкілі, белгілі ақын Федор Мин жер аударылған отбасының жағдайын өлеңмен жеткізді. Бесінші ұрпағы Қазақстанда тұрып жатқан түрік отбасының өткен ғасырдағы өткергендерін Расим Әбілев те әңгімелеп берді. 1944 жылдың қарашасында Грузиядан Қазақстанға қоныс аударылған кезде Расимнің әжесі 12 жаста болыпты. Жолда бір айдан астам уақыт кідіріп, пана іздеп, Түлкібасқа келген._MG_1521
 
_MG_1539Ал білім беру ісінің үздігі Мырзабек Кәдірұлының пайымынша, кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізіп, бір ғана кеңес халқын қалыптастыру ісін қарқынды қолға алды._MG_1616
– Мен сол «отыз жетінің» наурыз айында тудым. Әкем Кәдір сол жылдың бесінші маусымында тұтқындалып, «халық жауы» атанды. Ол аудандық қаржы бөлімінде қызмет істейтін. Жұмыс барысында берілген тапсырмаларды орындамай, өздігімен қаржылық шешім қабылдағаны үшін кінәлі болыпты. Сол уақыттағы «үштіктің» шешімі бойынша әкем «тыңшы» деп танылды. Бар машақатты анам көрді. Мені әкемнің туыстары Әбілқайыр мен Жәмилә тәрбиеледі. 14 жасқа толған соң комсомол қатарына кіруің керек. Ал мен «халық жауының» баласы ретінде құрамнан шеттетілдім, – деп еске алды ол._MG_1597
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті._MG_1550
 
_MG_1554
_MG_1567
_MG_1580
_MG_1593
_MG_1586
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

2 Responses

  1. Айман айтты:

    Мына ескерткіш қайда орналасқан?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓