Ауданның егіс алқаптарын аралады
Сапар барысында Гауез Торсанұлы аудан әкімі Эльдар Күзенбаевпен бірге «Мелитопольское» ЖШС, «Арыстан ПК» ЖШС және «Олейник В.Г.» ЖҚ егіс алқаптарын аралады. Ондағы дән себу жұмыстарымен айналысып жатқан Эдуард Двуреченский, Виктор Ведлер, Валерий Олейник сынды диқандардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Олардың айтуынша, қазіргі таңда жұмыстар қызу жүріп жатыр. Тұқым мен техника да жеткілікті. Егер, ауа райы қолайлы болса, осы айдың аяғына дейін өз жұмыстарын аяқтамақ.


Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.