Екеуі қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Облыс орталығындағы Абай даңғылы бойында ірі жол апаты болды. Екі  «ВАЗ» автокөлігінің соқтығысу салдарынан екі адам бақилық болып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.
апатОблыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әділбек Нұрмахинның мәлімдеуінше, оқиға кеше түнгі сағат 23:50 болған.  «ВАЗ 21114» темір тұлпарын тізгіндеп Абай даңғылының бойымен КЖБИ шағын ауданына қарай  бара  жатқан жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы сәтте  «ВАЗ 2112»   автокөлігімен бетпе-бет келіп, соқтығысқан. Оқиға орынында «ВАЗ 21114» машинасында отырған жолаушы көз жұмса, жүргізуші аурухананың жансақтау бөлімінде бақилық болды. Тағы бір жолаушы мен келесі көліктегі екі адам түрлі жарақаттар алды.
Қазіргі таңда, осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓