Қариялар білек күшін сынады

Қасиетті Ораза айт Аманкелді ауданында мазмұнды мерекеге айналды. Әсіресе аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінде ұлық мерекесіне орай тартымды  іс-шаралар    өткізілді.
411Аудан әкімі Жансұлтан Қоңыртайұлы   жиналған қауымға, баршаға береке бірлік тіледі. Бір қызығы  мереке үстінде   аталықтай ақсақалдар мен абыз қариялар бір сәт сыбанып жіберіп,  білек күшін сынасты. Жұрт қариялардың жарасымды жарысын айрықша ықыласпен қуана тамашалады. Қол күрес пен қатар  қазақша күрес, арқан тартысында  белсенділік танытқан  Әуезхан Жұмағалиев, Қарқынбай Дағманов, Бәкір Сейдин т.б. ақсақалдар демеушілердің арнайы сыйлығымен марапатталды.Ал Амантоғай және Тасты ауылдық округтерінен келген өнерпаздар әннен шашу шашып аманкелділіктердің көңілін ақжелеңге бөледі.
Күнжан Әбеу

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓