Кент әкімі есеп берді

Сарыкөл ауданында ауылдық округ әкімдерінің дәстүрлі есеп беру жиыны басталды. Солардың алғашқысы болып аудан орталығының әкімі Сеитбек Қаппасов халық алдында баяндама жасады.IMG_3400
Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға сарыкөлдіктермен бірге аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақсыбаев және мемлекеттік мекеме басшылары арнайы келіп қатысты.
Кент әкімі Сеитбек Қаппасов 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2016 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша есеп берді.
Сеитбек Сеитжанұлының айтуынша, 2015 жылы кент аумағында 5 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 30-дан астам сарыкөлдікті "Ақпан Инвест" ЖШС жұмысқа тартты. Айта кеткен жөн, аталған серіктестік жалпы сомасы 600,0 млн. теңге болатын, сыйымдылығы  12,0 мың тоннаны құрайтын шағын элеватордың бірінші кезеңінің құрылысын аяқтады.IMG_3441
-Халық саны – 8 239 адам. Солардың ішінде жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеп келгендердің саны – 216. Ал, 201-і жұмысқа орналастырылды. Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл бойы 42 отбасына көрсетілді, яғни, 131 сарыкөлдік алды, жәрдемақы сомасы 2 998 213 теңгеге тең, – деп атап өтті өз сөзінде ауыл әкімі.
Жалпы, орталықта  74 дүкен, 10 дәмхана, 1 қоғамдық монша, 7 шаштараз, екі шұжық, тұшпара және кондитерлік цехі, 4 жиһаз және 3 тігін цехтары, 3 ағаш ұста шеберханасы, 4 ТҚС, 6 шағын наубайхана, 2 тілгіш және бір диірмен жұмыс істейді.
Кездесу барысында белсенді сұрақ қоюшылар аға буын өкілдері болды. Мәселен, кент тұрғыны, зейнеткер Людмила Гомберг өз сөзінде дала жұмысына жоғары баға беріп, тұрақты қамқорлық пен қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Ал, тағы бір зейнеткер Қырықбай Жұмағұлов болса,  электр энергиясы мен нан бағаларына қатысты сауалын қойды.  IMG_3411
 
IMG_3414Сондай-ақ, ІІБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Мұрат Оразбеков есептік баяндама жасады. Оның мәліметінше, өткен жылдың 12 айында аудан орталығында 310 қылмыс жасалды, оның 221-і ашылған. Жасалған қылмыстың негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрайды. 400 сарыкөлдік түрлі сипатта өтінішпен жүгінген. Ал, 160 адам АІІБ профилактикалық есепте тұр. Оның – 49-ы маскүнемдер, 13-ы бұрын сотталғандар, 6-ы мерзімінен бұрын, ал 11-і шартты түрде босатылғандар.
Кездесу кезінде басқа да баяндамалар тыңдалды. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басшыларының ұсынған ақпараты мемлекеттік бағдарламалар туралы болды. Айта кетейік, өткен жылы аудан мемлекеттік бағдарламаларды жүз пайыз орындады.
Есеп беру жиынын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақанұлы Президенттің Жолдауында белгіленген басты мақсаттарға тоқталып, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, ұлттық экономиканың жетекші күші екендігін атап өтті. 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓