“Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары

Жанкелдин ауданында жыл сайынғы дәстүрге айналған “Мерейлі отбасы” байқауы биыл да аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдениет үйінің демеушілігімен өз жалғасын тапты.
Ұлттық құндылықтарымыз бен салт–дәстүр, әдеп–ғұрыптарымызды сақтай білген үлгілі отбасылардың өнерлерін насихаттау барысында ұйымдастырылған байқауға Сужарған ауылынан Сұлтановтар және аудан орталығындағы Жүсіпбековтер отбасы қатысып, өнерлерін ортаға салып, жеткен жетістіктерін көпшілікпен бөлісті.IMG_1410Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров аталмыш байқауға қатысқан отбасыларға ізгі ниетін білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Жеңімпаз атанған екі отбасы облыстық сахнада өнер көрсететін болады.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓