4-қабаттан құлап кетті

Оқиға күні кеше болған. Жапа шеккен 19 жастағы жігіт Қостанай қалалық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы alau.kz хабарлайды. балконБозбала үйдің 4-қабатынан құлап кеткен. Оның бірнеше жері сынған. Атап айтқанда, белі, кеуде сүйегі сынық қалпында ауруханаға жеткізіліп, дереу операция жасалды. Ол есін жиғаннан кейін болған жайды өз аузымен айтыпты. Ол пәтер есігін іштен аша алмай, терезе арқылы 3-қабатқа түскісі келген. Осы әрекеті кезінде қолы тайып кетсе керек. Ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓