Жастар тәжірибесі – Науырзым ауданында

«Жастар практикасы» –  оқу бітірген түлектердің еңбек жолын ашатын мемлекеттік көмек.   Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда Науырзым ауданында жоспарға сай тыңғылықты іс атқарылуда. 
Образования бухгалтерМәселен, былтырғы жылы тәжірибеден өткен 25 маманның 17-сі бүгіндері тұрақты жұмысқа орналасқан. Биылғы жылы да көрсеткіш жаман емес. Республикалық  қазынадан бөлінген 2 млн.300 мың теңге 12 адамның еңбекақысы есебіне толығымен игерілмек. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы  Гүлжанат Төлеуқызының айтуынша,олардың көбі балабақшалар мен Науырзым қорығында, мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істеуде. Бүгінде жастардың екеуі жұмысқа орналасып үлгерсе, жыл аяғына дейін тұрақты жұмысқа орналастыру  арта түспек.
Күнжан Әбеу

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓