Мәжіліс депутаттары Қостанай ОТД ұжымымен кездесті
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова, Тарас Хитуов және Наталья Жұмаділдаева Қостанай ОТД тыныс-тіршілігімен танысты.
Халық қалаулылары филиалдағы телекоммуникация желілерін дамыту мен қызмет көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыс барысымен танысты. Қостанай ОТД бастауыш партия ұйымының қызметі де назардан тыс қалған жоқ. Аталмыш ұйым бүгінгі күні әлеуметтік бағыттағы партияның 8 жобасын іске асыруда. Дирекцияның 54 қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Олардың 31%-ын жастар құрайды. Бұл ұжымдағы жастардың отансүйгіштік сезімдерінің жоғары екендігін айғақтайды. Партиялықтар қатарының артып келе жатқандығын айта кеткен жөн. Мәселен өткен жылы компанияның 20 қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанған. «Биыл ұйым мүшелерінің қатарын әлі де толықтыруды жоспарлап отырмыз. Өзара тәжірибе алмаcу мақсатында аудандық бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс жасамақпыз және олардың біреуін байқауға қатысу үшін дайындаймыз», – деді өз сөзінде бас директор Қажымұрат Темірханов.
Партия мүшелерімен кездесу барысында оның қатарына енді қосылған дирекция қызметкерлеріне партиялық билеттер салтанатты түрде табыс етілді.«Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Бұл табысты жолдың бастауы. Елімізде және сіздердің компанияларыңызда әр қайсыңыздың өзін-өзі танытуы, өсуі үшін мүмкіндік кең. Филиалдын тыныс-тіршілігін көріп, қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалғанына көзіміз жетті»,- деп атап өтті депутат Ирина Аронова.

Қ.Мұратбекқызы.