Жойқын жол апаты

19 мамыр күні кешкілік Челябі-Тройцк тас жолында қайғылы оқиғаға душар еткен жол-көлік оқиғасы болды. Volkswagen Jetta көлігін тізгіндеген Қостанай облысының тұрғыны рөлге ие бола алмай қалып, жүк көлігіне соқтығысты. Қатты екпінмен соқтығысқан жеңіл көлік тұмсығымен Газельдің астына кіріп кеткен. Бұл туралы chelyabinsk.74.ru сайтына сілтеме жасап "Алау" хабарлайды. алау
«Алдын ала болжам бойынша, тас жолдың 41-шақырымында жол үстінде тұрған Газельге 41 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі соғылған. Бұл жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан және ескерту белгілері қойылған", – деп мәлімдеді Челябі облысының ІІМ баспасөз қызметі. 
Жүргізуші ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілген, ал 67 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырған. ЖКО-ның барлық себептері анықталу үстінде. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓