Бәтеңкеге жасырылған есірткі

Қазақстандық азамат есірткіні бәтеңкесіне жасырып, Ресей аспақ болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.ботинка
Құқық бұзушы "Қостанай-Челябі" бағытындағы жолаушылар автобусында ұсталды. "Қайрақ авто" бекетінде тәртіп сақшылары қызметтік ит арқылы заңсыздықты әшкереледі.
"Марихуананы аяқ киіміне жасырып алып өтпек болған азамат – 24 жастағы Қостанай облысының тұрғыны. Міндетті тексеру барысында бәтеңкесінен 10-15 грамм жасыл түсті есірткілік зат табылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі. 
Дерек Қарабалық ауданының ІІБ-не тапсырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓