Байқау жеңімпаздары анықталды
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауын өткізді. Аталмыш байқауға мемлекеттік тіл және оның дамуы туралы мақалаларды жариялаған (бағдарлама құрастырған) журналистер, басқарма қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.

Байқау «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама» және «Үздік сайт мақаласы» бойынша төрт номинациядан тұрды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы байқаудың үш номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтады.






