Шу шубадан шықты

2019 жылдың 11 ақпанында Қостанай қалалық сотына облыс орталығында тұратын әйел адам шағым түсірген. Ол арызында жеке кәсіпкермен арада «V» брендті ішік өнімін сату-сатып алу келісімін бұзуды талап етеді. Ол ішікті интернет-дүкен арқылы сатып алыпты. Соттан 86,400 рубль сомасындағы сыртқы киім құнын өндіріп беруді сұраған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.oueaqko3fc8eg830Келісім 2017 жылы 14 желтоқсанда жасалып, ішік ақшасы бірден төленген. Киім сол айдың 31-не дейін жеткізілуі керек болған.
"Сотта белгілі болғандай, ішік 2018 жылдың 18 қаңтарында ғана жеткізілген және ол жарнамаланған сапасына сай келмеген. Сыртқы түрі және жеке өлшемі сатып алушының көңілінен шықпайды. Соған байланысты, шағымданушы саудагер жеке кәсіпкерге жазбаша шағым жолдайды. Хат Instagram әлеуметтік желісі арқылы жауапкерге барған, сондай-ақ тұтынушы құқығы бұзылғаны айқын болған. «КостанайЭкспертиза» ЖШС сараптық қорытындысы бойынша, тауардың өндірістік сипаттағы айтарлықтай кемшіліктері бар екені анықталды. Мұның сыртында, ішік 52584-2006 және 8765-93 мемлекеттік стандарттарының талабына сәйкеспейтіні әшкере болды", – делінді сотта.
Сот кінәлі тараптан арызданушының пайдасына 500 мың теңге өндіріп беру шешімін шығарды.
Шешім заңды күшіне енді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓