Білім министрі облыс педагогтарымен кездесті

    Елбасының тапсырмасымен облысымызға  жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев бастаған делегация келді. Осы делегацияның құрамындағы ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев  облыс орталығындағы балалар шығармашылығы үйінде өңір педагогтарымен кездесті.сагадиев
    Кездесу барысында Білім министрі  Е. Сағадиев еліміздің білім жүйесіндегі реформалар, соның ішінде жаңартылған білім беру жүйесі,  мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту,  орыс тілінде оқытатын мектептерге қазақ тілін оқытудың жаңа пилоттық әдістемесі,  электрондық күнделік, қамқоршылық кеңес, үш тілділік секілді мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті.  Сонымен бірге,  алғаш рет республика мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және оны орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтың бекітілгені туралы да айтты.
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓