«Ел классикасы»

Футболсүйер қауым әр маусым сайын "Тобыл" мен "Ақтөбенің" ойындарын асыға күтеді. Жаңа ғасыр басынан бері бұл екі ұжымның кездесуі "Ел классикасы" атанып жүр. Ал Ақтөбедегі талас-тартысқа толы өткен ойын ежелгі қарсыластардың осы маусымдағы қарымын көрсеткендей.  tkdi-PsZRuQ
Алғашқы минуттардағы басымдық алаң иелерінде қалды. Алдымен, шабуылшы Ф.Кассиано қайшылап тепті. Қырағы қақпашы Д.Непогодов өз орнында. Бразилиялық легионер тағы бір мәрте қақпашыны сынап көрді. Оның добын Д.Непогодов тырп еткізбей ұстап алды. "Ақтөбе" арынын күшейтті. Айып алаңына көтерілген пасқа биік секірген жас ойыншы Асланбек Кәкімов баспен ұрды. Қақпашыға қақпа бағанасы көмекке келмегенде есеп ашылар ма еді. Бірінші тайм ортасына қарай "Тобыл" қысым көрсете білді. Осыдан соң ойын қарқыны саябырсыды. Орта тұста жүрген А.Тағыберген әріптесі Д.Деспотовичті тура паспен тапты. Соңғысы допты Алексей Щеткинге жалғады. Қостанайлықтардың бас мергені қорғаушымен таласта құлап барып, С.Отарбаев қақпасына теуіп үлгірді. 0:1!dB9Pi4-iN5s            Екінші тайм басында қонақтар тағы белсенді. Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан көтерген добына Сергей Малый бірінші жетіп, таблодағы көрсеткішті 0:2 қылды. "Тобыл" мұнымен тоқтамады. Қарымта шабуылдардың бірінде есеп айырмасын үш допқа дейін жеткізді. Бұл жолы да комбинациялық шабуыл.  Деспотович ұсынған басты өз ырқына оңай бағындырған шабуылшы Джалилов қателеспеді. c4nwCfUFqsg
«Ақтөбе» бапкерлері бірден үш ойыншыны алаңға жіберді.  Ал "Тобыл" сапында жарақат алған А.Тағыбергенді С.Жарынбетов алмастырды. Қостанай жанкүйерлеріне жақсы таныс Байтана, Зенькович және Альмейда есепті қысқартуға тырысты. Бұлар ұйымдастырған шабуылды Йори Мамуте голға айналдырды. 1:3! Міне, сізге "Ел классикасы"! Талас-тартыс соңғы минуттарға шейін жүрді. Келесі сәтте "Ақтөбе" шабуылшысы Жуниньо гол соққанда, "Тобылға" әлдеқайда қиын болар ма еді. Дегенмен, бүгінгі ойынның үздігі Дмитро Непогодов өз командасын тағы бір голдан құтқарып қалды.
Осы жеңістен соң қостанайлықтар турнир кестесінің 4-ші сатысына көтерілді. Енді олар 20 мамырда "Оқжетпесті" қабылдайды. 
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓