Наурыз айының басында ауа райы құбылмалы болады

Қостанайдың бірқатар өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» РМК хабарлады.1419824060_39pogoda1Қостанай облыстарының кей аймақтарында тұманды ауа райы тіркеліп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ауа температурасы -12-20 градусқа дейін баруы мүмкін. Түнде және таңертең секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжауынша, апта ортасында ауа температурасы нөлден -5 градусқа, түнде 5-8 градусқа дейін аяз сақталады. Кейжерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 5 метргедейін жетеді.
           
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓