Дәме болды, дәрмен жетпеді

Жітіқара тас жолында апат құрбаны болып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген сәбидің өмірін ақ халаттылар өлімнен арашалай алмады.саби
Балдырған аталмыш мекемеге 2 мамыр күні аса ауыр халде жеткізілген еді. Оның бассүйек миы қатты зақымданған. Өкінішке қарай, дәрігерлер бірнеше күн бала өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады. 
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 29 сәуірде Жітіқарадан он шақырым жерде болған еді. Қостанайдың 26 жастағы тұрғыны – «Mitsubishi Delica» көлігін тізгіндеген бойжеткен рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне құлаған. Ауыр зардап шеккен 1 жасар бала Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын…

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓