Филиалда – жаңа төраға

Рудный қаласының «Горняк» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы ССКӨБ аудандық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде тұрған басты мәселе филиалдың жаңа төрағасын сайлау болды. Конференция жұмысына Қостанай облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов, төраға орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.парти
– Партияның кен алыбындағы филиалы 31 бастапқы партиялық ұяшығынан тұрады. Үстіміздегі жылдың 1 мамырындағы мәліметке сәйкес, ондағы мүшелердің саны – 20754 адам. Бұл – облыстағы ең жоғары көрсеткіш. Филиал жұмысының нәтижелілігін одан әрі арттыру үшін оған кәсіпорынның тыныс-тіршілігінен хабардар басшыны таңдау қажет. Ал филиалды 10 жыл басқарып келген бұрынғы төраға Мұхамеджан Турдахунов 2015 жылдан бері жеке бизнесте. Сондықтан филиал төрағалығына «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиевтің кандидатурасын ұсынамын, – деді конференцияны ашқан Ғазиз Ерболатұлы.
Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің атынан келген 230 партия мүшесі бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдап, дауыс берді. партияАл Береке Сағатұлы, өз кезегінде, жоғары сенім артқан партия басшылығы мен өз ұжымына алғысын білдіріп, «Нұр Отанның» партиялық бағдарламаларын табыс орындауға бар күш-жігерін арнайтындығын айтты.
Шара соңында ССКӨБ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Макаренко 2016 жыл мен 2017 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиналған жұрт қолға алынған игі істерге оң бағасын беріп, қанағаттанарлық деп тапты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓