Зағипа әже қажылық сапардан келді

DSCF0473Мұсылмандардың бес парызының бірі – қажылық. Қасиетті сапарға аттанған әрбір жан еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін, бақытымыздың бастауы болған тәуелсіздігіміздің баянды бақыты үшін тілек тілеп, құлшылық ғибадаттарын жасап, Аллаға мінәжат етеді. Қыркүйек айында Астана қаласынан "Арафат Тур" компаниясының керуенімен үлкен қажылыққа 195 адам барған. Солардың қатарында Жаркөл ауылының тұрғыны Еңсебаева Зағипа әжеміз де бар. Алла алдындағы мұсылмандық парызын өтеп, қасиетті Қағбаны жеті рет айналып, елдің амандығы үшін ғибадат жасаған Зағипа Қатренқызы елге аман-есен оралып, қажылық сапардан алған әсерін "Оспанқожа әулие" мешітінде  Ш.Уәлиханов орта мектебінің оқушыларымен бөлісті. Әжеміздің Мәдина қаласында жүрген сәттері бейнетаспа арқылы көрсетілді. Аталмыш мешіттің азаншысы  Ж.Тайшин қажылықтың сипаттары жайлы мағлұмат берді. Ал наиб имам Ж.Бекмағанбетов құран хадистерге сүйене  отырып,  қажылық сапардың ерекшеліктерін әңгімеледі.
Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, әжемізбен ой бөлісіті. Тағылымды кездесу кеш соңында Зағипа әжеміз аналық ақ батасын берді.
 Байбатыр   АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓