Абыз ақсақал Шәңгерей Жәнібеков Қостанайда
Қостанай жеріне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз, еңбек ардагері Шәңгерей Жәнібеков келді. Заманында елінің, Тобыл өңірінің дамуына зор үлес қосқан азаматпен облыс әкімі Н.Садуақасов кездесті. Бұл кездесуден соң облыстық ардагерлер кеңесінің ғимаратында жанға жайлы сырласу кеші ұйымдастырылды. Бүгінде тоқсанға келген ардагер атамыз құр қол емес, жерлестеріне қос бірдей кітабын ала келіпті.

Ардагер жерлестеріне арнап қос бірдей кітабын ала келген. Оның бірі "Өнегелі өмір" деп аталады. Бұл кітабында өзінің өмір жолы, түйгені мен көргені топтастырылған.
Ақырын жүріп анық басқан, ақ адал, ерен еңбегімен ел сыйына бөленген Шәңгерей Жәнібеков бүгін де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр. Аға ұрпақ өкілінің жас ұрпаққа айтары да, берер өнегесі де көп.
Айтолқын Айқадамова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков