Жылыту маусымына дайындық

Қазіргі уақытта өңірдің аудан-қалаларында су жылыту қазандықтары мен жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде аймақ басшысының орынбасары С.Бектұрғанов  есеп берді. Биылғы жылы облыстағы 21 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,8 млрд.теңге бөлінген. Бүгінгі күні осы қаражаттың тең жартысы игерілген. Тобыл өңірінің  684 білім беру орындары жылыту маусымына даяр.
жылыу"Алдағы жылыту маусымында тұрғындар үшін қатты отынға қажеттілік 85 мың тоннаны құрайды, оны сатып алуға 673 млн. теңге қаражат бөлінген. Науырзым, Сарыкөл аудандарына көмірдің жеткізілуін бақылауға алу қажет. Сонымен қатар, көмір жеткізу мерзімі де келісілген шартқа байланысты үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы тиіс", – деді облыс әкімі    Н.Садуақасов.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бас-қармасы мамандарының мәліметінше, үстіміздегі жылы жылу көздерін күрделі жөндеуге 441 млн. теңге, жылыту жүйелерін қайта қалпына келтіруге және жөндеуге 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Мамандарды тек Жітіқара ауданының қысқа әзірлігі алаңдатады. Аталған ауданда жөнделуге тиісті сегіз электр желісі мен жылыту нысандарының екеуі ғана қысқа дайын.
Облыс әкімі қысқа дайындық жұмыстарын айрықша бақылауға алуды тапсырды. Себебі көп қабатты тұрғын үйлердің 31 пайызы, әлеуметтік нысандардың 67 пайызы жылыту маусымына әзір. Аймақ басшысы тамыз айының ортасында дайындық науқанына қатысты арнайы жиын өтетінін хабарлады.
 
Шұға  Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓