Бірінші кезекте – қауіпсіздік!
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов облыс орталығының аумағына кіреберістерде бақылау-өткізу бекеттерді орнату мүмкіндігі туралы баяндады.
Қала әкімі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда ірі автомобиль жолдарына 6 бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынды.
«Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша ПД-нің мобильдік патрульдері Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы тарапынан автокөлік қатынасын шектеу мақсатында Қостанай – Ждановка және Қостанай – Майкөл автожолдарын қоршауда», – деді Қ. Ахметов.
Сондай-ақ, қала аумағын транзиттік автомобильдермен айналып өтуді қала әкімі Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін қабылдауды ұсынды.
«Нұр-Сұлтан қаласымен ұқсастығы бойынша колонналар құрып, полицияның патрульдік автомобилінің қатысуымен оларды айналма жолмен алып жүру керек», – деді қала әкімі.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынған алгоритмді қолдап, бақылау-өткізу бекеттерін орнату, өзге де ұсыныстарды жан-жақты қарастыруға тапсырма берді.
Аймақ басшысы бақылау-өткізу бекеттерін орналастыру мүмкіндігін облыстың әрбір ауданында қарастыру қажет екенін атап өтті.