Айтыс! Айтыс! Айтыс!

   Қазақстан Республикасының Елордасы
Астана қаласының 20  жылдығына арналған
«Ел мерейі – Елорда»
облыстық жазба айтысының
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар:
  • «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ;
  • Облыстық «Қостанай таңы» газеті.
Айтыстың мақсаты:
  •  Астананы жырға қосу, Тәуелсіздік жетістіктерін өлеңмен өру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақ халық шығармашылығын насихаттау және дамыту;
  • дарынды ақындарды насихаттау және ұлттық өнерге қолдау көрсету.
Өтетін мерзімі:
2018 жылғы ақпан-шілде айлары аралығы.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Қатысушылардың сөз өткірлігі, тапқырлығы;
  • айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі;
  • айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі;
  • қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі.
Айтыстың өткізілу тәртібі:
  • Айтысқа Қостанай облысының ақындары қатысады;
  • Ақындардың жасына шек қойылмайды;
  • Жазба айтысына  қатысатын ақындар алдын ала анықталған жұп бойынша сөз жарысына түседі;
  • Ақындар бір-біріне тәулік ішінде жауап береді;
  • Айтыс күнбе-күн kostanaytany.kz сайтында және әр жұптың айтысы аяқталған соң газет бетінде ықшамдалып жарияланады;
  • Әр жұптың айтысатын уақыты  кестеде (Қосымша-1) көрсетіледі.
  • бірінші  кезең – іріктеу кезеңі;
  • екінші кезең – жартылай финал;
  • ақтық сын (финал).
Айтыстың жеңімпаздарын анықтау:
  • Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады. Облыстық «Қостанай таңы» газеті сайты арқылы  көпшіліктің берген дауысы бойынша арнайы жүлде тағайындалады.
  • Айтыс қорытындысы Астана күні мерекесі қарсаңында шығарылады.
Айтыстың қазылар алқасы:
  • Қазылар алқасының құрамында елімізге танымал ақын-жазушылар, айтыс өнерінің қыр-сырын білетін кәсіби мамандар болады;
  • Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;
  • Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;
  • ақындардың сөз саптауы дұрыс болмаған жағдайда қазылар алқасы ортақ шешіммен айтыс мәтінін газет бетіне жарияламауға  құқылы.
Өтініштерді тапсыру шарттары:
Қатысушы мына құжаттарды:
  • Айтысқа қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша)
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • 1 сурет (13х18 см) алдын-ала жібереді.
Өтініштер 2018 жылғы 10 ақпанға дейін мына мекенжайда: Қостанай қаласы, Әл- Фараби көшесі,90 немесе aitysker17@mail.ru., 8778 029 92 51 нөмірі арқылы қабылданады.
  •  
  • Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын және «Көрермен көзайымы» сыйлығы.
 
 
ӨТІНІМ
 
Қатысушы ақынның тегі ________________
 
Аты  _________________
 
Ұялы телефон нөмірі  _________________
 
Мекен- жай _______________________________
 
жетістіктері
 
Өтініш толтырылған күн
 
Қолы
 
 
 
 
 
Қосымша 1
 
Қазақстан Республикасының Елордасы
Астана қаласының 20  жылдығына арналған
«Ел мерейі–Елорда»
облыстық ақындардың жазба айтысының
кестесі
 
Ақындар жұбы
Айтысу уақыты
І  жұп
13 ақпан – 20 ақпан
ІІ жұп
27 ақпан– 6 наурыз
ІІІ жұп
13 наурыз –20 наурыз
ІV жұп
27 наурыз –3 сәуір
VІ жұп
10 сәуір –17 сәуір
V жұп
24 сәуір–1 мамыр
VІІ жұп
8 мамыр – 15 мамыр
VІІІ жұп
22 мамыр –29 мамыр
                                 Жартылай финал
І, ІІ жұптар
5–12 маусым
                                      Финал
І жұп
19-26 маусым
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓