Қостанайда “Бастаңғы” ойын-сауық кеші өтті

Бүгін Қостанай жұртшылығы Наурыз мерекесі қарсаңында "Бастаңғы" ойын-сауық кешін өткізді. Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Ертеде үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-жігіттері сол үйге жиналып, бас қосып, көңілді кеш жасайтын болған. Дәл бүгін Тобыл өнерпаздары Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында ежелгі дәстүрді қайта жаңғыртып, көпшіліктің көңілін көтерді. 7kbc_td-g_A
QIbG02wpmasМұнда қойылым желісімен қазақ халқының дәстүрі, ұлттық ойындары көрсетілді. Басты мақсат – ұмыт болған құндылықтарымызды насихаттап, жастардың өнерін шыңдау. 
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған ұлттық шоуға халық көп жиналды. Тіпті, көрермен қауымның жартысы бұл кешті соңына дейін аяғынан тік тұрып тамашалады. Бірақ, іс-шара соған тұрарлықтай еді. Өйткені, бұл күні халыққа өтірікшілер сайысы, ортеке ойнату күйі, қазақ күресінің үздік əдістері, қызықты ойындар, ұйқыашар мен селт еткізер сыйлықтар, қазақы қалжың, қол күресі, поэзия мен ұлттық киімдердің сəн үлгісі, одан өзге де тосын сыйлар, бəрі бастаңғыда көрсетілді. Bv1YPo-TMYw
86gDJolU_jAҚостанайдағы ойын-сауықтың өтуіне облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, белгілі ақын, журналист Абылай Мауданов, Біржан Жүзбай сынды өнерге жанашыр азаматтар екенін айта кеткен жөн. _wZ-RcyXaQc

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓