Жол апатынан көз жұмды

Рудныйдан Ленин ауылына бара жатқан екі ер адам жол апатына түсті. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Alau.kz. photo_39767Басылымның мәліметінше, ағайындылар Рудныйға құрылыс материалдарын сатып алуға барған. Куәгерлердің "Москвич" көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап қалып, фурамен соғысқан дейді. Зардап шеккен 45 жастағы ер адам бетін жарақаттап алған. Ал оның 45 жастағы інісі оқиға орнында көз жұмды. Үйде оны қызы күтіп отырған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлері барды.
38399b67824a8fa67b7665c919d5d25e

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓