Шаруашылығын нығайтпақ
Кәсібінің көкжиегін кеңейтуді көздеген красназнамендік Гүлжазира Гумматова "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасына бағын сынап, мемлекет қолдауынан құр алақан қалмады.
Гүлжазира Жақыпқызы – 1 млн. 400 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын жандандырды. Яғни, 1 бұқа, 2 ірі қара мен 5 төл сатып алды. Бүгінде өз кәсіптерін бала-шағасымен бірге кеңейтіп, кәсіптерін дөңгелентіп отырған бұл отбасының мал шаруашылығымен айналысқанына 5 жылдың жүзі болыпты.
– Дәл осындай, қолайлы бағдарламаның болуы – ауылдық жерде шаруашылықты шарықтатуға мол мүмкіндік береді. Осы несиемнен құтылған соң, техникаға арналған бағдарламаға қатыспақ ниеттемін. Себебі, ауыл шаруашылығымен айналысқан адамға техника да ауадай қажет, – дейді шаруа қожалығының басшысы Г.Гумматова.
Жалпы, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Сәния Раисованың айтуынша, өткен жылы өңірде аталмыш бағдарламаның "Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу" деп аталатын екінші бағыты бойынша құжат тапсырғандардың саны 23 адамды құрап, жалпы сомасы 42 млн.730 мың теңге көлемінде үлестік несие берілген.
Жыл сайын Сарыкөлде мемлекет қолдауын сезінген Гүлжазира тәрізді кәсіпкерлердің саны биыл бұдан да көбейеді деп күтілуде.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.